Қырғызстанның уақытша президенті отставкаға кетпек

Қырғызстанның уақытша президенті отставкаға кетпек

ашық дереккөзі

 width= Қырғызстанның уақытша президенті, премьер-министр Садыр Жапаров елдегі президенттік сайлауға қатысатындықтан, мемлекет басшысы қызметінен кетпек. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Ол бұл шешімі туралы Қошқар ауданына барған іс сапарында айтты. Нақтылап айтатын болсақ, саясаткер желтоқсан айының басында президенттік қызметін тоқтатады.

«Мен басқалармен бірге сайлауға түсемін. Егер халық дауысын берсе, президент боламын», — дейді ол.

Жүктелуде...