Ресейде қазақтар мен күрдтер арасында жаппай төбелес болды (Видео)

Ресейде қазақтар мен күрдтер арасында жаппай төбелес болды (Видео)

ашық дереккөзі

 width= Ресейдің Саратов аймағында ұлтаралық қақтығыс болды деп хабарлайды Саринформ сайты. "Бүгін Саратов аймағының Дергачиінде қазақ және күрд диаспораларының арасында төбелес болды" деп жазды аймақтың ақпараттық жаршысы Саринформ. Тараптар арасындағы жанжал 21-қазанда басталған. Әскерге қазақ жігітін шығарып салу барысында екі ұлт өкілдерінің сөзге келіспеуі орын алған. Жанжалдың соңы төбелеске ұласқан. Екі жақтан жаппай төбелеске 150-ге жуық адам қатысқаны анықталды. Төбелеске қатысушылар бір-біріне тас лақтырып, сойыл, темірмен қаруланған. Қақтығысты тәртіп сақшылары келіп тоқтатқан. Жанжалдасушы тараптың ақсақалдар өкілі кездесіп, мәселені бейбіт шешуге уағдаласқаны белгілі болды.Қақтығысты реттеуге Саратов аймағының вице-губернаторы Игорь Пивоваровтың өзі келген. Қазір жағдай бақылауда, төбелеске кінәлілер анықталу үстінде. https://youtu.be/I9e_d4V-HDQ

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...