24-қазан күні Таулы Қарабақтың Губадлы ауданында Әзірбайжан әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері басқыншылардың ұшағын атып түсірді. Ұшақ Армения әуе күштеріне тиесілі екені анықталған. 18-қазанда Әзірбайжан Жәбірейіл ауданында шабуылдамақ болған Арменияның Су-25 ұшағын құлатқан болатын. 17-қазанда Әзірбайжан қорғаныс министрлігі Арменияның кезекті Су-25 ұшағын жоғалтқаны туралы хабарлаған еді. Армения бір аптада үш ұшақтан айырылды.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ