Түркістан облысында газдан улану фактілері азайды

Түркістан облысында газдан улану фактілері азайды

ашық дереккөзі

 width= Түркістан облысында газдан улану жағдайлары төмендеген, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Мәселен, 2018-2019 жылғы жылыту маусымында 17 оқиға орын алып, улы газдан 23 адам қайтыс болып, 19 адам жарақат алған. Ал 2019-2020 жылыту маусымында 7 оқиға орын алып, 5 адам уланып қайтыс болса, 4 адам жарақаттанған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов мәлімдеді. «Департамент тарапынан газдан улану себептеріне тұрақты мониторинг жүргізіледі. Әлеуметтік желілерге бақылау жүргізіліп, қауіпсіздік талаптары сақталмаған тұрғын үйлерге ескерту жасалып, жергілікті атқарушы органның, «ҚазТрансГазАймақ» пен «Оңтүстікжарық» өкілдерінің қатысуымен рейд жүргізіліп тұрады. Аталған жұмыстар барлық қала-аудандарда қолға алынып, арнайы жұмыс тобы осы бағытта қарқынды жұмыс атқаруда»,- деді департамент бастығы.

Жүктелуде...