Әлемде болып жатқан оқиғалардан сабақ алуымыз керек - мемлекет басшысы

Әлемде болып жатқан оқиғалардан сабақ алуымыз керек - мемлекет басшысы

ашық дереккөзі

 width= Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халқын береке-бірлікке шақырды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Бұл туралы мемлекет басшысы коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте сөйлеген сөзінде айтты. «Қазір әлемдегі жағдай күрделі. Тіпті, кейбір аймақтардағы ахуал ушыға түсті. Бұл жағдай әрине, бізді де алаңдатады. Барлығымыз ел ішінде және айналамызда тұрақтылық болғанын қалаймыз. Сондықтан әлемде болып жатқан оқиғалардан сабақ алуымыз керек. Елдің береке-бірлігі мен амандығы бәрінен қымбат. Әсіресе, бұл қазіргідей кезеңде өте маңызды. Әлемді жайлаған пандемияға және экономикалық дағдарысқа төтеп беру үшін мемлекет барлық қажетті шараларды қабылдауда. Бірақ бұл жұмыс бүкіл ел болып, жұмыла білсек қана өз нәтижесін береді», - деді Тоқаев.

Жүктелуде...