Шымкент әуежайы сатылғалы жатыр, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Электронды сауда платформасының ресми сайтында осындай ақпарат тараған. Арнайы тендер жарияланған. Сауданың басталуы 8 қазанға жоспарланды. Шымкент әуежайының келесі иесіне мынадай талаптар қойылған:
- сенімгерлік басқару кезеңінде объектінің профилін сақтау;
- сенімгерлік басқару кезеңіне 6,0 млрд теңге инвестиция салу;
- әуежайдан маршруттық желіні дамыту және т.б.