Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттен берілетін 42 500 теңге тұратын әлеуметтік төлемді 16 сәуір, сағат 15:00-ге дейін 152 521 адам алды. 382 669 жолданған өтімнің 144 850-ына түрлі себептерге байланысты төлем жасалған жоқ. 42 500 теңге әлеуметтік мынадай себептермен кері қайтарылады: -Өтінім берушінің жеке бас дерегі дұрыс көрсетілмеген; -Банк реквизиттері дұрыс көрсетілмеген; -Өтінім берушінің тұрақты жалақы төленетін жұмысы бар (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері); -Зейнетақы мен жәрдемақы алушылар, ТЖ режимі енгізілгенге дейін ресми жұмыс істемеген; -Өтінім берушіде ТЖ режимі енгізгенге дейін соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар, зейнетақы жарнасы, БЖТ жасалмаған немесе өзін бейресми жұмыспен қамтушылардан өтінім берген уақытқа дейін БЖТ жіберілмеген; -Өтінім қайтыс болған адамның немесе ҚР-дан тыс жерде тұратын азаматтың атынан берілген.
Жүктелуде...