60 жыл отасқан жұп коронавирустан көз жұмды

60 жыл отасқан жұп коронавирустан көз жұмды

ашық дереккөзі

Махаббат мәңгілік дастан. Екі жас бір-біріне деген адалдығын сақтап, қиындықтарға мойымай, күрескендер ғана мәңгі бірге болмақ. Сезімге берік болып, сындарлы сәттерде махаббат үшін күресе білгендер ғана жеңіске жетпек. Ұлыбританияның 60 жыл отандасқан қариялары бір күнде о дүниеге аттанды. Кесірлі індет бұл отбасын да айналып өтпеді. Қариялар бір күнде 17 сағат айырмашылықпен көз жұмды деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 86 жасар Брин қартпен пен 80-дегі Пэт Хоуэллс желтоқсан айында ғана алмас тойын атап өткен. Оларға Ұлыбритания ханшайымының өзі құттықтау хатын жолдаған екен. 4 сәуірде өзін нашар сезінген Пэт ауруханаға жатқызылған, ал Брин ақсақалдан бес күннен кейін ауру белгілері анықталған. Тексере келе, екеуі де коронавирус жұқтырғаны мәлім болады. Ауруға денсаулығы төтеп бермеген жұбайы Пэт қайтыс болады. Сол тәулікте Брин де бақилық болады. Қария жұптың жұқпалы індетті қалай жұқтырғаны жұмбақ. Алайда бақытты ғұмыр кешкен отбасы ұрпақтарына махаббаттарының мәңгі екенін дәлелдегендей. Олардың артында 4 ұлынан тараған 11 немере, 12 шөбере қалды.

Жүктелуде...