Ұлттық банктің Нұр-Сұлтанға қашан көшетіні белгілі болды

Ұлттық банктің Нұр-Сұлтанға қашан көшетіні белгілі болды

ашық дереккөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкті Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшіру туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшірілуі туралы қаулы шығардым", - делінген құжатта.
Бұл қаулының орындалуын Қазақстан Президентінің Әкімшілігі қадағалайтыны айтылады. Сондай-ақ, Ұлттық банктің Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 57А мекенжайы бойынша орналасатыны айтылады.

Жүктелуде...