Әйелім отбасымызды тастап, жас жігітке кетті

Әйелім отбасымызды тастап, жас жігітке кетті

ашық дереккөзі

Әйелі 4 баласын қалдырып, жас жігітке тұрмысқа шығып кеткен ер азамат сырымен бөлісті, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі. Өзін Әлібек деп таныстырған жігіт Жамбыл облысының тумасы екен. Айтуынша, Тараз қаласында жұмыс істеп, отбасымен сол қалаға әбден бауыр басып қалған. Осыдан 10 жыл бұрын үйленіп, сүйікті жарынан 4 бала сүйіп отырған, бақытты әке болғанын да жасырмады. Тек, Әлібек жұмыстан босап қалып, уақытша қиындықтарға тап болғанда әйелі өзгере бастаған. «Тұрақты жұмысымнан айрылған соң, Алматыға бірнеше күнге барып жүріп, жалдамалы жұмыстармен айналыстым. Рас, табысым азайып, отбасымыздың материалдық жағдайы да жұтаңдай бастады. Әйелім сол кезден өзгергенін байқап жүрдім. Бір күні таңертең оянсақ, әйелім үйде жоқ. Телефонына хабарлассам, көтермейді. Қашып кеткенін білдік.  Сол жоғалғаннан, арадан екі ай өткенде ажырасу туралы арыз келіп түсті. Артынан оның өзінен 8 жас кіші жігітпен көңіл қосып, Алматыда бірге тұрып жатқаны да белгілі болды. Әрине, намыстандым, қайтарғым да келді. Бірақ, бір рет басқаға айырбастаған әйелге не деп хабарласам, не деп қайтуын сұраймын? Қазір тұрмысымыз түзеліп, бір қалыпқа келіп қалдық. Балаларым да шешесін көргісі келмейді. Солайша, жалғыз басты әкеге айналдым», - дейді Әлібек отбасындағы жағдай туралы. Қазір ер азаматтың үлкен ұлы 3 сыныпта оқиды. Кішкентайларын бала-бақшаға беріп жүр. Үй шаруасына туған қарындасы қарасады екен.

Жүктелуде...