Жаңалықтар

Жеңіс Ысқақова: Әншілердің тапқан табысын санап, қарғап-сілеу жақсылыққа әкелмейді

Танымал әнші Жеңіс Ысқақова "елде, орын алып жатқан қиын кезеңде әншілер қайда, неге олар көмектеспейді?" деп өнер адамдарын қорлап жатқандарды байқамау мүмкін емес деп жазба қалдырған Instagram парақшасына. Сондай-ақ ол әншілерге қысым жасау, концерттерді болдырмау, надандық пен білімсіздік санайтынын жазған деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі. "Айналайындар-ау бұл мемлекетте халық пен әншіден басқа ешкім жоқ па? Біз де сол халықтың бірі емеспіз бе? Алланың берген өнерінен басқа халықтан артықшылығымыз жоқ. Қол ұшын шамамыз келгенше созып жатырмыз. Көмек көрсету басқаларға көріну үшін емес, Алланың разылығы үшін жасалады. Өнер адамдарына ащы тілдерімен ауыр сөздер айтып, балағаттап, наразылық білдіру, онсызда ел ауыр жағдайда отырғанда, халықты бөліп, қарсы қою, арандату, жақсы нәрсе емес. Нанымызды табудағы құралымыз Алланың берген өнері. Мен үшін ән болса, біреу үшін емдеу, екіншісі елді қорғау. Ал әншілердің табысын, киген киімін, тиынын санап, қарғап-сілеу, жақсылыққа әкелмейді,"-дейді ол. Сонымен қатар әнші әркімнің өз несібесі бар. Және де "елімнің жағдайы жақсы болса, той көп болса екен" дейтін сол өнерпаздар екендігін айтады. Танымал әнші сұхбат алатын журналисттерге де өкпесін білдіріпті. Ол әншейінде әртістердің жәй-күйін көрсетіп, бағдарламасының рейтингін көтеру үшін барын салатын тілшілердің әншілерді қорғап бір ауыз жақсы сөз айтып қолдамағанына ренжулі. "Біздің жырымыздан гөрі, жәйіміз қызық болып тұр. Сондықтан да қазақ мәдениеті мен өнерін қорлайтын сөздер мен әрекеттерге деген наразылығымды білдіруді өнер адамы ретінде міндетім деп санаймын",-дейді Ысқақова.