Қазақстандық спортшы "Тур де Франстың" алтыншы кезеңінде жеңіске жетті

Қазақстандық спортшы "Тур де Франстың" алтыншы кезеңінде жеңіске жетті

ашық дереккөзі

 width= "Астана" велошабандозы Алексей Луценко "Тур де Франс" жарысының алтыншы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Пелотон Ле-Тейден Мон-Эгуалға дейін 191 шақырым қашықтықты еңсерді. Луценко 4 сағат, 32 минут және 34 секунд нәтижесімен бірінші келді. Бұл қазақстандық спортшының "Тур де Франстағы" алғашқы жетістігі. Екінші болып испаниялық Хесус Херрада, ал үшінші - бельгиялық спортшы Грег ван Авермат (CCC Team) келді. "Астана" капитаны Мигель Анхель Лопес 25-орын алды.

Жүктелуде...