Жаңалықтар

Атақты болам деп өкпесін суықтатып алған актриса

Ең үздік фильм дегенде қайсы киноны ең үздік деп атай алмай дал боларсыз. Ең үздік 100 фильмнің алдыңғы орнын иеленетін ол сөзсіз Титаник фильмі. Өмірде болған оқиға желісімен түсірілген фильм ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. Ал ол туындыны жарыққа шығарған - Джеймос Кэмерон.

Ол бұған дейін Терминатор фильмі арқылы танылған американдық кинорежиссер. Джеймос Кэмерон алғаш рет 1987жылы Nathional Geografhic Channel арнасынан Титаник кемесі туралы деректі фильмін көрген соң, кино түсіру туралы ойлана бастайды. Алайда 1994 жылы ғана сценариін жазады. Бір жылдан кейін, киноның компьютерлік графикалық жұмысы істеледі. Киноның түсірілім уақыты жеті айға созылады. 1997 жылы кино прокатқа шығарылып, қырыуар қаржыға батады. Осылайша фильм прокаттан 1,8 миллиард доллар қаржы жинайды. 12 жыл бойы рекордтық көрсеткішпен алдыңғы орында тұрады. Тек қана режиссердің келесі туындысы, яғни Аватар фильмі ғана рекордтық көрсеткішін жаңартады. Кинорежиссер кино әлемінің үздігі Оскар жүлдесінің барлық 14 номинациясы бойынша ұсынылып, 11 жүлдесін жеңіп алады. Ең үздік фильмнің үздік режиссері, сценаристі болып, Джеймос Кэмеронның өзі жеңіске жетеді. Жалпы кино тарихында Титаник 87 марапатты жеңіп алған тарихи фильм болып саналады. Осылайша ол киноға актер, актриса, композитор, әнші, жалпы киноға ат салысқандарға өшпес атақ сыйлады. Ол алғашында кинода тек қана музыкалық аспаптардың әндерін қолданбақшы болады. Алайда Канадалық Селин Дионның әнін тыңдаған сәттен соң, райынан қайтады. Оның орындаған әні жүз жылдағы жүз әннің бірі болып қала бермек. Кинода түсірілген кеменің декорациясын сол кездегі кеме шығарған компаниясының жіті бақылауында болған. Мұрағаттағы суреттермен және кеме шығарушы компанияның өкілдерімен бірлесе отырып жасалған декорациялар шынайы кеме секілді жасалады. Ең басты кейіпкер Роуздың суретін салатын кездегі кадрда режиссердің өзінің қалам ұстаған қолын түсірген. Және де режиссер түндегі уақытта кеменің суға кететін сәтін түсірген кезінде офицерлердің қолына фонарьлар беруді ұйғарады. Ал 1912 жылы оларда бұл жарық беруші құрал болмаған екен. Жалпы кинодағы эпизодтар дайындықсыз түсірілген. Басты кейіпкер Кейт Уинслет түсірілім барысында өкпесі қабынып ауырған. Басты кейіпкерлер автордың ойынан шығарылғанымен шынайы өмірде болған адамдар болып шыққан. Ол кинодағы Роузге ұқсамаса да, кеме батқанда сынған бөліктерге жармасып аман қалған екен. Сондай-ақ сценарий жазылып біткен соң, кемеде Джозеф Долсен атты 24 жасар жігіттің болғаны белгілі болады. Джектің ролін сомдауға атақты киноактерлер Мэттью Макконахи тым кәрі көрінгендіктен, Том Круз қомақты сыйақы сұрағандықтан, ал Джаред Лето сынақтан өте алмай, Леонардо Ди Каприоға бұйырған. Осылайша ол бірден әлемге әйгілі актер атағына ие болады. Ал Роуздың қартайған кезін сомдаған Голивудтың 30-40 жылдардағы жұлдызы Глория Стюарт кинога 87 жасында түскен. Ол да Титаниктегі кейіпкері секілді 100 жасқа толып өмірден өтіпті.