ForteBank Абай әнімен қазақстандықтарды біріктірді

ForteBank Абай әнімен қазақстандықтарды біріктірді

ашық дереккөзі

Наурыз айының соңында ForteBank #SaveNauryz флеш-мобын іске қосқан болатын. Қаржы ұйымы қазақстандықтарды үйде болуға және Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындауға шақырған. Флеш-моб нәтижесінде үздік орындаушылар бір видеоға біріктіріліп, олардың әрқайсысына 100 000 теңгеден сыйлық үлестірілді. Көктем мезгілінде қазақстандықтар алаңдарды, саябақтарды аралап, серуендеуге дағдыланған. Бірақ биыл төтенше ахуалға байланысты барлық іс-шаралар тоқтатылып, тұрғындарға үйде болуға кеңес берілуде. Сондықтан ForteBank көпшілікті қуантудың жолы ретінде #SaveNauryz флеш-мобын іске қосты. Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=zLYcNakKNps&feature=youtu.be Флеш-мобтың талабы қарапайым: 21-29 наурыз аралығында Наурыз мерекесіне арналған бейнеқұттықтау жазып, содан кейін #SaveNauryz хэштегін белгілеп, әлеуметтік желілерге жариялау керек еді. Кейінірек қаржы ұйымы флеш-мобқа қатысудың тағы бір жолын ұсынды - «Көзімнің қарасы» әнін орындап, бейнеге түсіру. Негізгі шарт - үйде болу. Жақында ForteBank флеш-мобты қорытындылап, Абай әндерін ең жақсы орындаушылардың түсірілімдерінен бейнеролик жасап, жариялады. Бастапқы кездері ұйымдастырушылар қатысушылар көп болатындығына үміттенгені рас. Өйткені, Қазақстан – қонақжай, мейірімді және әнші ел. Ал акцияның нәтижесі олар күткен межеден де асып түсті. Алғашқы күні флеш-мобқа 1000-нан астам әр түрлі жастағы тұрғындар қатысқан. Шараның соңына дейін барлығы 2500 адам өздерінің бейнеқұттықтауларын жолдапты. Осылайша, Қазақстан халқы бірігіп, бір-біріне мерекелік лебіздерін білдірді. Карантин жағдайына қарамастан, Наурыз мейрамын қуана қарсы алды. Видеоның соңында ForteBank карантин күндері үйінде болған барлық қазақстандықтарға алғыс айтады және кез-келген банктік қызметтерді on-line режимінде пайдалануға болатындығын ескертеді. «Музыка - бұл таңқаларлық нәрсе. Бұл бізді біріктіреді, шабыттандырады және жігер береді. Жүздеген қазақстандық Абайдың әнін шырқап, оны мәңгілік мұра екенін дәлелдеді. Оларға қосылыңыз, ән айтыңыз, бірақ бастысы - карантин күндері үйде болыңыз. Төтенше ахуалды тезірек жақсарту үшін оған бірге қарсы тұруымыз керек», - делінген Youtube-тегі видеода.

Жүктелуде...