Бүгін мемлекет қайраткері, қазақ тарихында алғаш наурыз мейрамын жаңғыртқан ұлы тұлға - Өзбекәлі Жәнібековтың туған күні. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды. Тәуелсіз мемлекетке айналуымызға өз еңбегін қосқан, өмірі өнегеге толы Өзбекәлі Жәнібеков бүгін 89 жасқа толды. Өзі аңсаған, қазақ елінің тәуелсіздігіне де келер жылы отыз жыл толады. Қоғам қайраткерінің 90 жылдығы мен алаңсыз өткен 30 жылдық азаттығымыз тұспа-тұс келмек. Өзбекәлі Жәнібеков - 1931 жылы 28 тамызда Түркістан облысы, Отырар ауданы Сарықамыс ауылында дүниеге келген. Өзбекәлі Жәнібеков - қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған. Қазақстан комсомолының бірінші хатшысы қызметін атқарды. Сол кездегі Торғай облысының хатшысы, Қазақстан компартиясы шет елдермен байланыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары, мәдениет министрі, Қазақстан компартиясының хатшысы қызметіне дейін өскен.
«Өзбекәлі Жәнібековтің халқына сіңірген ерекше еңбегін тізбелеп шығу үшін ғана үлкен кітап жазу керек. Ол - киелі адам».