Бүгін тұңғыш қазақ геологы Қаныш Сәтбаевтың туған күні

Бүгін тұңғыш қазақ геологы Қаныш Сәтбаевтың туған күні

ашық дереккөзі

Қаныш Сәтбаев қазақ даласына ғашық болғандықтан жеріміздің киесімен байлығын зерттеп, қойнауында жатқан талай байлықты тапқан. Бүгін ұлы тұлғаның дүниеге келгеніне 121 жыл. Ғалымның шын есімі – Ғабдулғани. Арабшадан аударғанда «шексіз байлық иесі, ешкімге мұқтажсыз Алланың құлы» деген мағына береді. «Ғани», «Ғаныш» еркелете келе «Қанышқа» айналған. Қаныш Имантайұлы домбыра мен гитарада тамаша ойнаған. Қазақ және украин әндерін орындауды ұнатқан. Қаныш Сәтбаевтың орындауындағы әуендерді тұңғыш рет тыңдаған белгілі музыка танушы-фольклорист Александр Затаевич Қаныштың орындауындағы 25 қазақ әнін жазып алған. Биді қадірлейтін. Ә. Марғұланның айтуынша, Қаныш Сәтбаев полька, мазурка, вальс билерін билеуге қызыққан. Ол алғашында сот болып жұмыс істеген. Алғашқы істі жүргізіп жатқанда, бір қарияны он жылға соттау керек болған. Қария сот аяқталған соң Қанышқа «Өзім өлейін деп жүргенде, тағы он жыл өмір бергеніңе рахмет» дейді. Осыдан кейін ол сот ісінен бас тартады. Қаныш Имантайұлы алғашқы қазақ мектептеріне арналып ана тілінде жазылған «Алгебра» оқулығының авторы. Алғашқы ғылыми еңбегіне жататын оқулық қолжазбасының көлемі – 1642 бет. 1947 жылғы наурызда Қаныш Сәтбаев КСРО Жоғарғы Советінің делегациясы құрамында Анлгияға барған. Сол сапарда ол Уинстон Черчилльмен кездескен. Черчилль зор денелі Қанышқа қарап: «Қазақтардың бәрі сіздей алып па?» – деп сұраса керек. Сонда Қанеке: «О не дегеніңіз, Черчилль мырза, олай емес, мен қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын. Халқым менен де биік», – деп жауап беріпті.  

Жүктелуде...