Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалады - министрлік кесте жариялады
Бұйрыққа сәйкес, оқу жылы 1 қыркүйектен бастап 34 аптаға созылады ( 1-сынып оқушылары 33 апта оқитын болады).
Оқу жылының демалыс кестесі:
1-11 (12) сыныптар: күзгі каникул – 10 күн (5-14 қараша (қоса есептегенде) 2020 жыл ), қысқы – 11 күн (31 желтоқсан 2020 жыл - 10 қаңтар 2021 жыл), көктемгі демалыс – 12 күн (20-31 наурыз 2021 жыл);
1-сыныптарда: қосымша демалыс – 7 күн (8-14 ақпан 2021 жыл).
Бұған дейін білім министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға қарамастан, оқушылардың демалысы өзгеріссіз қалатынын айтқан еді.
"Қашықтан оқуға қарамастан, балалар қатты шаршайды. Сондықтан каникул кестесі өзгертілмейді", - деді министр.
1 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқитын болады. Бастауыш сынып оқушылары үшін мектепте кезекші класс қарастырылған.