Жаңалықтар

Шымкентте балалары түнде қараусыз жүрген ата-анаға 28 хаттама толтырылды

 Шымкент қаласында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шара ұйымдастырылды. Бұл туралы NewsRoom+ Ақпарат тілшісі  Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оған "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Рейдтің негізгі мақсаты – ҚР Заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрмеуін тексеру, ата-ананың қарауынсыз қалу, келеңсіз жағдайлардың алдын алу еді. Салдарынан Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 442-бап, 2-бөлімі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы) бойынша 28 әкімшілік хаттама толтырылып, 70 тұрғынға ауызша ескерту салынды, - делінген хабарламада.

Ескерту берілу себептерінің ішінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 127-бабы ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тыйым салу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жөнінде болды.