Түркі академиясының Президенті СІМ бірінші орынбасарымен кездесті

Түркі академиясының Президенті СІМ бірінші орынбасарымен кездесті

ашық дереккөзі

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевпен кездесті,- деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі  twesco.org сайтына сілтеме жасап. 

Кездесуде Академия басшысы пандемия жағдайында биылғы жылдың бірінші жартысында атқарылған жұмыстар мен басып шығарылған ғылыми еңбектерді таныстырды. Сонымен қатар, тараптар білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелері, іргелі ғылыми-зерттеу жобалары мен алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларды талқылады.

Кездесу соңында Дархан Қуандықұлы елшіліктердің қолдауы үшін министрлікке алғысын айтып, Абай жылына орай Түркі академиясы әзірлеп, жарыққа шығарған ұлы ақынның әзербайжан, қырғыз, түрік, өзбек, моңғол тілдеріне аударылған өлеңдері мен қарасөздері жинағын, Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясының түрік тіліндегі екі томдық басылымын және Абайдың шығармашылығы мен өміріне қатысты зерттеу мақалалар топтастырылған бірегей еңбекті табыстады.

Жүктелуде...