Біз Лукашенконы легитимді деп айта алмаймыз. Өйткені Белоруста әділ демократиялық сайлау болған жоқ. Литва президенті Гитанас Науседа «Александр Лукашенко Белорустың заңды президенті емес» деп мәлімдеді 14 тамызда sky.com -ға берген сұхбатында. Бұл туралы NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. «Біз Лукашенконы легитимді деп айта алмаймыз. Өйткені Белоруста әділ демократиялық сайлау болған жоқ», - деп атап өткен Гитанас Науседа. Оның айтуынша, Лукашенко билігі барлық саяси тұтқындарды босатып, оппозициямен диалогқа отыру керек. «Ең әуелі Белорус билігі жағдайды қалпына келтіретін басқа жол жоқ екенін түсінуі керек», - депті Литва президенті. Сондай-ақ ол Белорустағы жағдайға бей-жай қарап отыра алмайтындарын, өйткені ол елдегі жағдайға Ресейдің араласуынан қауіптенетінін де айтқан. Ал Александр Лукашенко болса, құрылыс саласы бойынша жиналыс өткізіп, сол отырыста: «Ең әуелі мен тірімін, біздегі кейбір сыйлы адамдар айтып жатқандай елден кетіп, шетел асқан жоқпын», - деді. Белоруста президент сайлауы қортындыларынан кейінгі қарсылық әлі жалғасып жатыр. Бейбіт қарсылық акциясына шыққан халықты күштік құрылымдар аяусыз таяққа жығып, 7 мыңдай адамды ұстағаны мәлім.
Жүктелуде...