"Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің ұлттық күрес мектебінің қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық спортты жоғары деңгейде насихаттауға қосқан үлесін атап өтіп, бұл бастаманы қолдағаны үшін халық өкілдеріне алғысын білдірді", - делінген хабарламада.Спорт кешенінің атын өзгерту туралы ұсыныс Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі. Естеріңізге сала кетейік, классикалық күрестен кеңес спортшысы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, классикалық күрестен Олимпиада чемпионы, еркін күрестен Қазақ КСР чемпионы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 70 жасында қайтыс болған еді.
"Тараз-Аренаға" Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды
"Тараз-Аренаға" Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды
"Тараз-Арена" спорт кешеніне олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың есімі берілу ұсынылуда деп жазады Жамбыл облыстық әкімдігінің сайтына сілтеме жасаған NewsRoom+ақпарат агенттігі.
Облыс әкімдігі мен мәслихаттың бірлескен ұсынысы мәслихаттың кезектен тыс отырысында мақұлданды.