Паркинсон дертімен күресудің бүкіләлемдік күні Бұл күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 1997 жылдан бері аталып өтіледі. Ауруға оны клиникалық тұрғыда анықтаған дәрігер Джеймос Паркинсонның есімі берілген. Паркинсон дерті - орталық жүйке жүйесінің ауруы. Қазақстанда бұл ауруды емдеу 2013 жылы жүйелі түрде қолға алынған. Астанадағы Нейрохирургия орталығы мен Президенттік ауруханада науқастың миына электрод орнату арқылы операция жасалады. Паркинсон ауруымен әдетте 60 жастан асқан адамдар ауырады. Алайда, соңғы жылдары сырқаттанған жастар да анықтала бастады. Адам миына орнатылатын құрылғыны әр 5 жыл сайын ауыстырып отыруды қажет етеді. Халықаралық фашистік концлагерьлер тұтқындарын босату күні 1945 жылғы 11 сәуірде Бухенвальд концлагерінің астыртын комитеті қарулы көтеріліс ұйымдастырып, тұтқындар босатылды. Сол кезден бастап барлық елде фашистік концлагерьлердегі тұтқындарды босатудың халықаралық күні атап өтіледі. 1937 жылы Балқаш қаласының негізі қаланды. Қарағанды облысындағы қала. 1937 жылдың 11 сәуірінде Қазақ КСР ОАК-нің шешімімен Прибалхашстрой кенті Балқаш қаласы болып өзгертілді. 1992 жылы Қарақалпақстанда «Достық туы» газеті қазақ тілінде жарық көрді. 1997 жылы Оралда «Жайық пен Оралдың қазақтары» атты қоғамдық бірлестік құрылды. 2012 жылы Вашингтонда Қазақстан және АҚШ арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастық бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. 2016 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Иранға келді. Сапар аясында Президент Х. Руханимен, рухани көшбасшы А. Хаменеимен, Иран холдингтері мен компаниялары өкілдерімен кездесу өтті. 2017 жылы жас әнші Димаш Құдайбергеннің «Singer-2017» жобасына киіп шыққан сахналық киімі аукционда 158 890 юаньға сатылды (7,2 млн теңге)
Жүктелуде...