Өмірзақ Шөкеев Түркістан аумағында қалыптасқан азық-түлік белдеуінің аяқ алысына баға берді

Өмірзақ Шөкеев Түркістан аумағында қалыптасқан азық-түлік белдеуінің аяқ алысына баға берді

ашық дереккөзі

Түркістан қаласының аумағында азық-түлік белдеуін құру жоспарының аясында бағыты мен бағдары белгіленген бірқатар ауқымды жобалар іске асуда. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында, Түркістан аумағында 11 мың гектарға азық-түлік белдеуін құру жоспарланып, бүгінде ауқымды жұмыстар басталды. Егістік басында болған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев атқарылып жатқан іске оң бағасын берді. Атап айтқанда, «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС-мен құны – 1,7 млрд. теңге болатын «733 га жаңбырлатып суару технологиясын ендіру және МТС құру» жобасы іске асуда. Аталған серіктестіктің жер көлемі 1046 га құрайды, 108 шаруа қожалық біріктірілген. Ол жерде АҚШ-тың «T-L» компаниясының 18 жаңбырлатып суару машиналары орнатылып, 200 га күздік бидай, 322,5 га жоңышқа егілген. Жаздық бидай мен жүгері егуге жер дайындау жүргізілуде. «Түркістан қаласының аумағында азық-түлік белдеуін құру жоспарының аясында жүзеге асып жатқан бірқатар ауқымды жобалардың аяқ алысы жақсы. Жаңбырлатып суару технологиясының артықшылығы көп. Ең алдымен мыңдаған гектар алқапты суару жағынан туатын қиындық шешілді. Яғни, біздің аумаққа өте тиімді әдіс. Қуарып, бос жатқан жерлерде азық-түлік белдеуі қалыптасып, әжептеуір нәтиже беріп отыр. Бұл жерлерге арық қазып, су әкелудің тиімсіз екенін түсініп, жаңа әдісті қолға алдық. АҚШ-тан арнайы қондырғылар алдырдық. Көп күттірмей, жемісін көрер күн алыс емес»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы. «Жаңбырлатып суару технологиясының артықшылығы көп. Ең алдымен мыңдаған гектар алқапты суару жағынан туатын қиындық шешілді. Яғни, біздің аумаққа өте тиімді әдіс. Қуарып, бос жатқан жерлерде азық-түлік белдеуі қалыптасып, әжептеуір нәтиже беріп отыр. Бұрын 1 гектардан 12-15 мың текше метр су шығындалса, қазір оның көлемі екі есе азайды. Осылайша, тиімділігін түсініп, жаңа әдісті қолға алдық. АҚШ-тан арнайы қондырғылар алдырдық. Көп күттірмей, жемісін көрер күн алыс емес»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы. Арыс - Түркістан каналы арқылы мұнда су төрт жүйемен келеді. Үлкен бассейн салынған. Қондырғылардың барлығына құбыр арқылы су жеткізіліп тұрады. 26 бірлік заманауи ауыл шаруашылығы техникалары, Джондир тракторы, Джондир комбайны және басқа да шаруашылыққа қажетті қондырғыдар алынды. Алынатын жем шөп қоры, итальяндық технологиямен құны 3,5 млрд. тг болатын «1200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы» жобасы азықпен қамтамасыз ететін болады. Сонымен қатар, «SPK-SAURAN» АШӨК-мен құны – 1,5 млрд. теңге болатын «650 га жаңбырлатып суару технологиясын ендіру» жобасы іске асуда. Қазіргі таңда, АҚШ-тың «Valmont Industries» компаниясымен 3 жаңбырлатып суару машиналары 153 га аумаққа орнатылса, қалған 9 бірлігі алдағы қыркүйек айына дейін іске қосылады. Алынатын жем шөп қоры австралиялық технологиямен құны 2 млрд. тг болатын «10 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңын» азықпен қамтамасыз ететін болады. Өңірде «Ордабасы-құс» ЖШС-мен құны – 938,4 млн. теңгені құрайтын «782 га 9 бірлік жаңбырлатып суару технологиясын ендіру» жобасы іске асатын болады. Онда 71 жер иеленуші шаруашылықтар бірігіп, жүгері дақылын егуге кірісті. Алынатын өнім есебінен жылына 8 100 тонна күрке тауық етін аталған өндіру кәсіпорнын азықпен қамтамасыз ететін болады. «KAZAGRO PROJECT» ЖШС-мен құны – 12,8 млрд. теңге болатын «Жылына 20 мың тонна құс етін өндіру» жобасы іске аспақ. Жоба аясында 5 мың тонна құс етін етін өндіру жоспарланған. Аталған бағытта бүгінде серіктестіктің қаржылай кепілдемесі анықталып, «Түркістан» ӘКК» ҰК» АҚ-мен бірлескен кәсіпорын құру жұмыстары жүргізілуде.  

Жүктелуде...