Бүгін Қазақстанның халық қаһарманы, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің туған күні. Ол 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Атамыз биыл 74 жасқа келді. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. – Тоқтар Әубәкіров қаз дауысты Қазыбек бидің тікелей ұрпағы. – Халық қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы тышқаннан қорқады. – Ғарыш кемесінен бөлек велосипедпен жүргенді ұнатады. – Марста өмір сүруге қарсы емес. – Өзге ғаламшарлықтардың бар екеніне сенеді. – Тоқтар Әубәкіров әлемнің екі жүз елу алтыншы, КСРО-ның жетпіс екінші, Қазақстанның бірінші ғарышкері. – Қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов пен Тоқтар Әубәкіров бір күнде дүниеге келген. Екеуі де жеке мейрамын 27-шілде күні тойлады. – Тоқтар Әубәкіров ғарышқа екінші рет ұшуды армандайды. – "Әлемдегі ең қауіпті жануар – адам" деген оймен толықтай келіседі. – Ғарыш әлемінде 7 күн 22 сағат 13 минут болған.
Жүктелуде...