Өзбекстан коронавирусты анықтайтын тест жасап алды

Өзбекстан коронавирусты анықтайтын тест жасап алды

ашық дереккөзі

Өзбекстандық ғалымдар COVID-19 коронавирусын анықтауға арналған жеке тестілеу жүйесін ойлап тапты, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі. Бұд туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігінің жеделхатынан белгілі болды.

Оны жасау үшін өзбек ғалымдарына бір ай қажет болған. Барлық процедура шамамен 5-6 сағатты алады. Дегенмен бұл экспресс-тест емес, тек мамандандырылған зертханаларда жүргізілетін толыққанды құрал. Соңғы дерек бойынша, Өзбекстанда коронавирус жұқтырған адамдардың саны 55 адамға жетті. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау инспекциясының басшысы Нұрмат Отабековтың айтуынша, коронавирусты жұқтырған 15 Өзбекстан азаматы пневмония жаңдайында, 4-нің жағдайы ауыр. Шет елге шықпаған және келушілермен байланысы жоқ науқаста елде алғаш рет коронавирустық инфекция жағдайы анықталған. «Науқас Ташкенттегі 20 жасар жас қыз. Ол не оның ата-анасы елден тыс жерлерге барған жоқ, бірақ ол вирусты тасымалдаушыларда немесе жұмыс кезінде қарапайым заттарды пайдалануда кездесіп, жұқтырған. Біз сонымен бірге науқастың отбасымен таныстық. , оның барлық мүшелері сау», - деді бас санитарлық дәрігер және республиканың Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық агенттігінің директоры Бахром Алматов.

Жүктелуде...