Пульмонолог мамандардың айтуынша өкпені КТ-ға түсіре беру зиян

Пульмонолог мамандардың айтуынша өкпені КТ-ға түсіре беру зиян

ашық дереккөзі

 width= Коронавирус індетімен қатар Қазақстанда пневмонияға шалдыққан адамдар саны күн санап артуда. Жұрт жаппай компьютерлік томография мен рентген аппараттарын жағалап кетті. Өкпе қабынғанын тексеретін құралдардың қызмет құны шарықтап тұр. Нұр-Сұлтанда ең арзаны 20 мың теңге. Алайда пульмонолог мамандардың ескертуі бойынша өкпені КТ-ға екі-үш рет түсіру денсаулыққа зиян екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына http://Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстанда ПТР тест тапшылығына байланысты қазір компьютерлік томография, флюрографиялық түсірілімдер түріне сұраныс көп.

"Кей адамдар ешқандай шағымсыз компьютерлік томографияларға түсіп жатқаны мүлде дұрыс емес. Ауырмаған адамға диагностикалық шараларды жасауға болмайды",-деді резидент - пульмонолог Аягөз Оразбекова.
https://youtu.be/8xOFmLPvP6w  

Жүктелуде...