15 Шілде күні Тараз қаласындағы "Суперфарм" компаниясына 11 жүк көлігімен 100 тонна шикізат жеткізілді. Компания маскамен қатар, медициналық қажетті бұйымдарды өндіріп еліміздің ірі төрт қаласына тасымалдайды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына Newsrooom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. 300-ге жуық маман жұмысқа кірісіп, халыққа қажетті заттарды жинақтау жұмыстарын бастады.
"Өндірілетін заттарды қаламыздың төрт ірі қаласына жібереміз. Олар Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Алматы, Шымкент қалалары. Шикізат бар, өндірісіміз толықтай жұмыс істеп тұр. Енді ғана іске кіріскеннен кейін бізге өнімді өндіру үшін екі ай уақыт қажет. Тазалық жұмыстарын жүргізіп, толық дайын болған соң қалаларға жібереміз"-деді қойма меңгерушісі Қағанат Көпенов.