Диас Ахметшәріп:артық кеткен кездерім болса - кешірім сұраймын!

Диас Ахметшәріп:артық кеткен кездерім болса - кешірім сұраймын!

ашық дереккөзі

 width= Денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Диас Ахметшәріп жұмысынан босатылды. Бұл туралы Диас Ахметшәріп Facebook-тегі парақшасында жариялады. "Құрметті достар! Бүгін менің денсаулық сақтау министрлігіндегі соңғы жұмыс күнім. Басшылық арыз жаз деді. Жаздық. Ер адамның басынан не келіп не өтпейді. Хош. Ең алдымен барлық журналист әріптестеріме алғысымды білдіремін. Талай еңбек атқардыңыздар! Артық кеткен кездерім болса - кешірім сұраймын!!!! Барлық еңбегім - тек халқым үшін. Ауырмаңыздар! Коронавирусты жеңіп шығайық. Денсаулық Сақтау министрлігіндегі әріптестеріме, барлық дәрігерлерге, медперсоналға тек қана шыдамдылық пен жеңіс тілеймін! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын", - деді ол.

Жүктелуде...