Жаңалықтар

42500 теңге 20 шілдеден бастап төленеді

   width= Карантин режиміне байланысты әлеуметтік жәрдемақы үшінші рет төленгелі жатыр. 2020 жылдың 20 шілдесінен бастап жәрдемақы таратыла бастайды. Біржолғы көмекті:

  1. Жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлер үшін жұмыс берушілер
  2. Карантин шараларының күшеюіне байланысты қызметінен шектелген жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар ала алады.

Бірінші еңгізілген карантин режимінде әлеуметтік жәрдемақыны алған адамдардан бөлек, мұқтаж жандар да осы жолы өтініш бере алады. Оған қоса, шектеу шараларының ұзартылуына байланысты өзге де әлеуметтік көмектер қайта жалғасады. "42500 теңге халықтың бар шығынына жетпейді. Бұл еліміздегі ең төмен жалақы",- деген еді министр Біржан Нұрымбетов. Министр Қазақстандағы орташа жалақы көлемін 400000 теңгеге дейін көтеру керек деген оң пікір айтқан болатын. Алайда қазіргі ахуалға байланысты бұл заң күшіне 2025 жылға таман енуі мүмкін екендігін де жасырмады. Естеріңізде болса алғашқы әлеуметтік көмек 42500 теңге төленеді деген де адамдар карантин режимін сақтамай Қазпоштада кезекке тұрған еді. Расымен табысынан қағылған адамдар емес, үйіне табыс кіріп отырған адамдар алып арты үлкен дауға ұласты. Кейін жұмыс жасайтын студенттер де ала алады деген шешім қабылданды. Бірақ осы жолғы 42500-дің студенттерге тағайындалуы туралы шешім ертең белгілі болады. Төлемді өткен жолы 4,5 миллион адам алған. Мемлекеттен бөлінген 370 миллиард теңгенің 191 миллиарды игеріліп, 180 миллиарды сұраусыз қалған еді. Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да 42500 теңге төленетінін жариялады. Жауапты министрлік өкілдері кімдер өтініш бере алатындығын дереу хабарлады. "Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, әлеуметтік қордың қаржылай мәселесі осы бір апта ішінде шешілуі тиіс",- Біржан Нұрымбетов. 42500 теңгені отбасылардағы бала санына қарай беруді Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин ұсынды.

"Әлеуметтік жәрдемақыға тоқталайын.Төлемді балалар санына қарай беру керек. Өйткені 42500 теңгені алатын ересек адамның 3 немесе одан да көп баласы болатын болса тағайындалған қаражат жетпейді. Ресейде отбасыға арналған барлық жәрдемақы көздерін бала санына қарап береді. Әр балаға берілетін көмекті есепке алады. Меніңше, бұл тиімді әдіс",-деді Аружан Саин сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде.