Дәрілер дәріханада емес қоймада тұр
Елімізге көршілес мемлекеттерден де, шалғай елдерден де гуманитарлық көмек келіп жатыр. Халықта қарап жатпай дәрі-дәрмекті импорттап сатып алуда. Қоғам белсенділері ИВЛ аппаратына ақша жинап, Түркия мемлекетінен мыңнан астам данасын әкелді. Өңірлердің барлығына аппараттарды жеткізу жұмыстарын еріктілер атқарып жатыр. "СҚ-Фармация" қоймасында тізілулі тұрған дәрі-дәрмектің фотолары халықтың ашуына тиді. Дәрінің орны дәріхана. Бірақ дәріханалардан дәрі таппай дал боп жүрген адамдар өте көп. Неге? Үкімет халықты сабырға шақырып, реттелетініне үміттендірудің орнына үрейлендіріп отырғаны қалай? Еуразия бірінші арнасына Newsroom.kz cілтеме жасап хабарлайды.
"Қазақстан Үндістан мен Ресейден құны 2 млрд теңге болатын 3,5 млн дана дәрі-дәрмек пен қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды. Еліміздегі барлық дәріханалар бір айға толық қамтамасыз етіліп отыр",- деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Президенттен қатаң ескерту алған министрлер мен әкімдер іске енді кіріскен секілді. Елімізде коронавирус індеті тіркелгелі бес ай уақыт өтті. Вирус жұқтырғандар саны 50 мыңға жеткенде ғана көз ашылып, кеш қимылдап жатқандығын түсінгендей. Алайда бұл іс-әрекеттері шынайылық па әлде көгілдір экран алдындағы көз бояушылық па? Редакция ұжымы Алматы қаласындағы ірі 15 дәріхананы аралап " алғашқы көмекке қолданылатын қарапайым парацетамол мен аспиринді таба алмағандарын айтып үкімет уәде еткен бір айлық қордың жоқ екеніне көздерін жеткізді. Дәл қазір халыққа алдарқататын амал емес, дертке дауа болатын дәрі керек! "Дәрі-дәрмектен таршылық көріп отырған жоқпыз, және міндетті түрде таусылған дәрілер қатары толықтырылып отырады. Тек стационарға жеткізу жұмыстарын жетік атқаруымыз қажет",-ҚР ПРЕМЬЕР МИНИСТРІ АСҚАР МАМИН. Дәрі ел ішінде. Тарату жұмыстары қиын ба ? "Қайырымдылық жасап жіберген гуманитарлық көмектің барлығы қоймада тығулы тұр. Бүгінгі күннің батырлары дәрігерлер болып отыр. Сауыт-саймандары қорғаныс костюмдері мен медициналық қолғаптар ғой. Олар да жеткіліксіз болғаннан кейін еліміз көптеген дәрігерлерінен айырылып есеңгіреп қалды. Қоймадағы дәрілердің сапасын тексереміз деп жүргенде сапасын қанша мақтасаңда аздық ететін білікті дәрігерлерімізден көз жазып қалдық"-деді қоғам белсендісі Гүлбану Әбенова. Экспорттан гөрі импорттауды жақсы көретін мемлекетпіз. Қасым-Жомарт Тоқаев: "Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуілді боламыз? Намысымыз қайда?!" "Дәрі өндіру жұмысы ұзақ уақытты алады. Бұрын 1-2 сменмен жұмыс жасадық, ал қазір демалыссыз 3-4 сменде жүрміз. Өндірісте жасайтын 89 фармкомпаниялар бар. 33-і дәрі-дәрмек шығарса, 44-і бұйым, 15-і медициналық техника шығарады"-Медициналық және Фармацевтикалық өнімдерді өндіретін ассоциацияның өкілі ГҮЛДАРИЯ МАНАҚБАЕВА. Елорда да дәрі тапшылығы болса, басқа өңірлерде жағдай қиын. Ауыл-аймақтар қаладан дәрі іздетіп сандалып жүр. ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ МИРЛАН МҰХАМБЕТОВ: "Дәрі бағасын шарықтатпауға байланысты мониторинг жүргізіп жатырмыз. Тексеріс жұмыстары басталғалы біршама заң бұзушылықтар тіркелді. Құзырлы органдар тиісті шаралар қолдануда." Коронавирус індетімен әлем күресуде. Бірақ бізден басқа қай мемлекет дәрі тапшылығынан зардап шегіп жатыр? ГҮЛБАНУ ӘБЕНОВА, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:"Көршілес Ресейдің ауылдық жеріндегі дәріханадан да керекті дәріні таба аласың. Біз ше? Халық бір-бірінен дәрі сұрап қырылып жатыр." Елде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың шешімін табуға президент үкіметке екі апта уақыт берді. Бір аптасы өтті. Бес ай бойы қимылдамаған үкімет бір аптада оңала ма? https://www.youtube.com/watch?v=-JG0z8ZhcgA