Жаңалықтар

Шымкентте төрт адамның мәйіті табылды

 width=

Шымкентте қайғылы оқиға орын алды. Үш ер адам мен бір ейел адамның мәйіті табылды. Екі адам машинада, екі адам үйде көз жұмған.

12 шілде күні орын алған бұл қылмыстық оқиға орнынан атыс қаруы табылған. Автокөліктің әйнегі сыңғанын байқаған жергілікті тұрғын дереу полицияға хабарласып, екі адамның мәйіті жатқанын хабарлаған. Тергеу барысында қайтыс болған адамдар қарудан жарақаттанғаны мәлім болды. Көлік жанындағы үйдің ішінен 40 жастағы ер адам мен 28 жастағы жолдасының өлі денесі табылған. Қасақана қылмыс екені анықталды. Оқиға орнынан екі қару және оқ-дәрілер мен қорғаныс құралдары табылған. Қазақстан Қылмыстық  кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" және 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрілерді жарылғыш құралдарды заңсыз сатып алу, сақтау, сату" заңы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Тиісті шаралар қолданылады.

"Қазақстан Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс туралы басқа ақпараттар жария етілмейді",- деді Шымкент қаласының полиция департаменті.