Біржан Нұрымбетов: 42500 теңге барлық шығынға жетпейді
Еліміздегі минималды жалақы мөлшерін орташа жалақы деңгейінен 30-40 пайыз көтеруді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі талқылап жатыр.
"Қазіргі таңдағы минималды жалақы – орташа жалақы деңгейінің 21 пайызын құрайды.
Карантин режиміне байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақы, яғни 42500 теңге халықтың барлық шығынын өтемейтіні белгілі. Бұл еліміздегі ең төмен жалақы. Еңбек кодексіне сәйкес жалақы мөлшерін тағайынауды жұмыс беруші шешеді. Біз олардан азаматтардың жалақысын көтеруді сұраймыз",-деді министр Біржан Нұрымбетов.
"Қазақстан бюджетіндегі қиындыққа байланысты бұл айтылғандар бір-екі жылдықта орындалмауы мүмкін. Себебі, қазір біз мемлекеттік органдардағы артық шығындарды қысқарту үстіндеміз. 2025 жылға дейін бұл мәселе шешіледі",-деді ол. Елімізбен экономикасы бірдей өзге елдерді Кейтс индексі бойынша салыстыратын болсақ, біздегі минималды жалақы көлемі көңіл көншітпейді. "Халықаралық еңбек ұйымдарының талабына сүйеніп, минималды жалақы – орташа жалақының 30-40 пайызына жеткізер болсақ көрсеткіш 50 пайыздан төмен болмауы керек. Орташа жалақы көлемі – 400000 теңге болса, демек минималды жалақы –120000 теңгені құрайды",- министр Біржан Нұрымбетов.