Назарбаев коронавирустан емделді
Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан емделді
"Менің жағымды жаңалығым бар. Бүгін Елбасының коронавирусқа тапсырған сынағы теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің ұсынымдары бойынша Нұрсұлтан Назарбаев оқшаулану режимін сақтап, қашықтан жұмыс істеп, таза ауада серуендеуге уақыт бөледі", - деп жазды Үкібай. Сонымен қатар ол Нұрсұлтан Назарбаевтың серуендеп жүрген суретін жариялады. Естеріңізге сала кетейік, Назарбаевтың вирус жұқтырғаны 18 маусымда белгілі болды.