Қазақстандағы коронавирустың таралмауы бойынша құрылған ведомствоаралық комиссия құрамында парацетамол бар препараттардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Tengrinews.kz. сілтеме жасап. Бұл дәрілер мемлекеттік тізілімде тіркелген. Дәрілердің тізімі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында жарияланды. Дене қызуын түсіретін мынадай препараттар:
Парацетамол; ТераФлю; Цефекон; Панадол; Эффералган Цитрамон П; Фервекс және басқалары. Толық тізім төмендегі суретте көрсетілген. Еске салайық, бұған дейін бірқатар өңірдегі дәріханаларда вирусқа қарсы дәрілер, оның ішінде парацетамол жоқ болып, шу шыққан. Кеше денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова таңертеңгі брифингте Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы және Қарағанды облысындағы дәріханаларда 1 шілдеден бастап парацетамол болатынын айтқан.
Жүктелуде...