Ақылға қонымсыз шешім: Болашақ спортшылардың ата-аналары "Халық Арена" ғимаратында госпиталь ашуға қарсы
Алматыда "Халық Аренадағы" спорт секцияларына қатысатын балалардың ата-аналары кешенде коронавируспен ауыратын науқастарға арналған госпиталды орналастыруға қарсылық білдірді.
Ата-аналар онсыз да төтенше жағдай режиміне байланысты балаларының өз қалпын жоғалтып алғанына шағымданды. Ал жас спортшылар жақында жарысқа баруы керек. Алайда, жоспар өзгеруі мүмкін. Себебі, биліктің спорт кешенін госпитальға айналдыру жоспары бар. "Мұндай объектілерге қалай тиседі. Бұл жерді кейін қалай залалсыздандырады. Бұл объекті құр бос қалады. Одан кейін біз мұнда балаларды алып келмейміз", - деді аға жаттықтырушы Айгүл Қуанышева. "Халық Аренаға" ата-аналар балаларын қаланың түкпір-түкпірінен әкеледі, тіпті Алматы облысынан келетіндер де бар. Айтуларынша, аталған спорт кешені - болашақ чемпиондар жаттыға алатын жалғыз орын. "Карантиннен жақында ғана шыққанымызды есепке алсақ, біздің балаларымыз онсыз да формасын жоғалтып алды. Осы аудандағы тұрғын үйлердің жақын орналасқанын айтсақ, бұл тіпті ақылға қонымсыз шешім", - деді Ольга Карнилова. "Қалада не көп, қонақ үйлер көп. Олардың бәрі қазр турист жоқ болған соң бос тұр. Онда бір адамдық, екі адамдық бөлмелер, ванна, дәретхана, ас үй, госпитальға қажеттінің бәрі бар", - дейді ата-аналар. Ал кешенде жөндеу жұмыстары әлі басталмаған, спорт үйірмелері жұмысын жалғастырып жатыр. Дегенмен, адамдардың қарасы көп емес. Себебі, госпиталь ашылатыны туралы жаңалықты естіген ата-аналар қорқып, балаларын жаттығуға әкелмеген. "Халық Аренаның" жанына ПТР-тест тапсыратын орынды дайындап қойған. Адамдарды алдағы дүйсенбі, яғни 29-шы маусымнан бастап қабылдай бастайды. "Адамда госпитальден кейін, ғимарат ашылған соң да балаларды әкелутен қорқады. Әлі ештеңе шешілген жоқ, соның өзінде оны теріс қабылдап жатыр", - деді гимнастика мектебіне орын жалға алушы Наталья Мягких. Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов, жаттықтырушылардың жұмыссыз, балалардың жаттығусыз қалмайтынына сендірді. "Бізде Балуан Шолақ кешені бар. Тұрғындар бұған түсіністікпен қарау керек. Егер жағдай кұрделенсе, барлық спорт үйірмелерін жауып тастаймыз", - деді ол. Рүстем Байсейітов спорт кешенінің қашан госпитоль болатынын білмейді, өйткені мәселе әлі шешіліп жатыр. Бұған дейін Halyk Arena-да коронавирусқа ПТР тестінен өтетін жылжымалы зертхана ашылатыны хабарланған.