Елордаға биыл газ беріледі

Елордаға биыл газ беріледі

ашық дереккөзі

Елордаға көгілдір отын ақыры биыл берілетін болды. Қызылордадан мыңдаған шақырым құбырмен тартылған газ ең алдымен қала маңындағы елдімекендерге берілмек. Қосу кезеңі тамыз-қыркүйек айларына жоспарланған. Бірақ бұл отынды пайдалану тұтынушылардың қалтасына едәуір салмақ салайын деп тұр. Себебі, тарифі қымбат. Оның үстіне көшеге келген құбырды тұрғындар өз ақшасына кіргізуге міндетті, деп хабарлайды Newsroom + тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= "1, 2, 3, 4 Міне үй ауласынан дәл осынша ара қашықтық сақтала отырып, газ құбырларын тарту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Көріп тұрғанымыздай, бұл жерде тереңдігі бір метр, ені 40 см болатын траншея қазылған. Жауаптылардың сөзінше, көптен күткен газ тұрғындардың үйлерінің іргесіне дейін келеді. Ал, қалған жұмыстарын, баспанаға кіргізу шаруаларын әлеумет өз қаражаттарына жүргізетін болады". АБАЙ ДҮЙСЕКЕЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: "Жоқ айтты, өздерің кіргізіп аласыңдар деп. Өздерің кіргізесіңдер, - дейді. Білмеймін, енді. Мына жерден трубаны шығарып қояды. Білмеймін, енді хоть қанша кетсе де, әйтеуір газ бар ғой. Пеш жақпаймыз. Түтін шықпайды. Жеңілдік қой. Сол көмірдің ақшасы кетсе жақсы". Сұйық отынның қысымын бақылау үшін де Көктал тұрғын алабында дәл мынадай сырты қоршалған қондырғылар орнатылып жатыр. Ал, бас қалада алғашқылардың бірі болып жұмыс басталған ауданда 200 шақырым құбыр төселген. Әкімдік, әрбір үйге құбырлардан бөлек, жеке-жеке есептегіш құралдарын да тегін орнатып беруге дайын. Ал, көгілдір отынды үй ішіне кіргізу, жоба бойынша қарастырылмапты. Ол үшін, жекеменшік компаниялардық қызметіне жүгіну керек екен. МАҚСАТ ЕСМАҒҰЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Біздің жобамызда, бұл арнайы құрылғылар есептегіш құралдар. Біздің жобада қарастырылған. + "Бізде, заңға сәйкес, газбен жобалау газ тарту бойынша заңға сәйкес, тек қана әрбір үйдің алдына дейін әкеліп қоямыз. Одан кейін, қоршаудан кейінгі ішкі газ тарту жүйелерін. Сонымен қатар, ішкі газ тарату жүйелерін, сонымен қатар ішіне қажетті жабдықтарды тарту ол барлығы тұтынушы есебінен жасалу қажет". Әкімдік өкілдерінің сөзіне сенсек келесі кезекте, "Интернациональный", "Лесазавод", "Өндіріс" тұрғын алабтары және қала маңындағы бірқатар ауылдарға құбыр тарту көзделген. Ол аудандарда жұмыстар жыл соңына дейін қолға алынбақ. https://www.youtube.com/watch?v=19bCD8t9biA  

Жүктелуде...