Сайлау 2023

Сайлаушылар: Жарқын болашақ үшін дауыс береміз!

Түрксіб ауданына қарасты №44 мектеп-гимназияда «AMANAT» партиясынан депутаттыққа үміткер Мұхтар Тәжібаев, Ольга Спирина, Әлия Төрегелдинова және штаб мүшесі Болат Оспанов сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп Newsroom.kz хабарлайды.

«AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалының өңірлік сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтардың барлығы халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталғанын мәлімдеген  Мұхтар Тәжібаев еліміздің Тәуелсіздік алған жылдан бергі жасалған оң өзгерістер мен жеткен жетістіктер жайында баяндап, әңгімеледі.

Кандидат Әлия Төрегелдиева сайауалды бағдарлама 5 негізгі бағыт бойынша, атап айтқанда, дамыған экономика; сапалы инфрақұрылым;қолжетімді білім мен денсаулық сақтау; мәдени, спорттық және жастар қаласы; қауіпсіз қалалық орта деп топтастырылғанын мәлімдеді.

Осы орайда бағдарламаға сәйкес 225 кітапхананы шығармашылықты дамыту орталығына айналдыру арқылы тегін шығармашылық үйірмелер мен коворкинг орталықтарының санын көбейтуге күш салынбақ. Балаларды шығармашылықтың 50 түрі бойынша үйірмелермен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 9 млрд. теңге бөлу жоспарда бар. 18 құзыреттілік орталығын құру арқылы еңбек нарығындағы сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын 25 мың студентті (42%) қамтитын дуальды оқытуды дамыту, сондай-ақ 2027 жылға дейін 1,2 мың студентке арналған 8 жатақхана ашу жоспарда бар.

Партия атынан сайлауға түскен Ольга Спирина да әр азаматтың осынау сындарлы шақта байыпты шешім қабылдау қажеттігін айтып, бағдарламада халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білім, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын айтты. Білім ошағының қызметкерлері де  өз көкейінде жүрген мәселелерді ортаға салып, талап-тілектерін тілге тиек етті.

Жиын соңында кандидаттар еңбек ұжымын алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.