Елорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентіне көңіл айтты

Akorda.kz дереккөздеріне сүйене отырып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп newsroom.kz хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға және тәжік халқына барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан тәжік-қырғыз шекарасында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген жауынгер мен бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айтты. 

– Біз бауырлас және достас мемлекеттердегі бұл қайғылы оқиға бізді қатты алаңдатады. Қазақстан аймақтағы кез келген даулы мәселені тек бейбіт жолмен және саяси дипломатиялық әдістермен шешуді жақтайды, – делінген жеделхатта. 

Қазақстан Президенті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Фото: egemen.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.