Елорда

Elorda zhastary: жұмыс істейтін жастарға жеңілдікпен 150 несие берілді

Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров «Елордадағы жастар саясаты: жобалар, іс-шаралар, өзекті мәселелер» тақырыбында онлайн-брифинг өткізді. Бұл туралы newsroom.kz порталының тілшісі жазып отыр.

Өз баяндамасында Қ. Қамбаров  Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің негізгі міндеті біздің жастарды қолдау болып табылатынын атап өтті.

«2022 жылғы 1 маусымғашаққандағы ақпарат бойынша: Қаламыздағы жастар саны – 232 065 адам. 15 жоғары оқу орындарында 62 788 студенттер (бакалавриат, магистратура, докторантурада оқитындар) білім алады. Жұмыс істейтін жастар – 133,2 мың адам. NEET санатындағы жастар үлесі 7% құрайды»

Жастар саясаты – кең ауқымды, көп салалы бағыт. Тұрғын үймен, жұмыспен қамту, білім беру, жастардың шығармашылық дамуы, бос уақытын ұйымдастыру, жас отбасылармен жұмыс т.с.с.

Сондай-ақ, Қ.Қамбаров өз баяндамасында жастардың тұрғын үй мәселесіне тоқталып, осы бағытта қабылданған шешімдерді қорытындылады:

«»Elorda zhastary» жұмыс істейтін жастарға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау қазан айында басталды. Қазіргі таңда 150 несие берілді.

Бағдарламаның қысқаша шарттары:

– Несие сомасы 18 млн. теңгеге дейін;

– Пайыздық мөлшерлеме-жылдық 5%;

– Бастапқы жарна 10%;

– Несие мерзімі 25 жылға дейін.

Сондай-ақ, 3 жыл қатарынан «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы жүзеге асырылуда»

Осылайша, ағымдағы жылы жұмыс істейтін жастарға 1050 сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспанаға құжаттарды қабылдау жұмыстары 4-13 қараша аралығында жүргізілді. Барлығы 4863 өтінім келіп түсті. Өтінім берген қатысушылар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша, ал пәтерлерді бөлу өтініш берушінің отбасы құрамына сәйкес жүргізілді.

Айта кетерлік, жұмыспен қамту бойынша осы уақытқа дейін Жұмыспен қамту орталығына 2538 жас жүгінген. Оның ішінде 1493 адам жұмысқа тартылды, яғни, тұрақты жұмысқа орналасты (626), «Жастар практикасы» (209), «Әлеуметтік жұмыс орындары» (33), «Қоғамдық жұмыстар» (606), «Алғашқы жұмыс орны» (16) сияқты бағдарламалар арқылы жұмысқа орналастырылды және жаңа бизнес ойларды жүзеге асыруға гранттар берілді (3).

Мысалы, «Жастар практикасы» жобасы аясында 107 мың теңге, ал «Қоғамдық жұмыстар» жобасы аясында 102 мың теңге көлемінде жалақы төленеді.

Бұл жобалармен жұмысқа орналасу арқылы жастар тәжірибе жинауға және жұмыс берушіге өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік алады.

Қ. Қамбаров Нұр-сұлтан қаласының жыл сайынғы табысты жобаларының бірі «Жасыл ел» жобасы екенін атап өтті.

«2021 жылы 1200 жасөспірімдер мен жастар жұмыспен қамтылса, биыл квота 1956 дейін өсті.

Жаз мезгілінде жұмыс істегісі келетін жастар өте көп, сондықтан алдымен көпбалалы немесе аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қабылданады және әр мектепке белгілі бір квота бөлдік. Қолына алатын сыйақысы – 64 564 теңге.

Биылғы жылдың ерекшелігі: жыл сайынғы бөлінетін квотадан бөлек, 14 пен 29 жас аралығындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін де 500 орындар қарастырылды.

Сонымен қатар, NEET санатындағы жастармен де жұмыстар жүргізілуде. Қаламыздың 4 ауданында Жастарға қызмет көрсету орталықтары ашылды, аталған санат жастарының арасында футболдан турнирлер, бос орындар жәрмеңкелері, «NS Бағдар», «Есірткіге жол жоқ!» жобалары өткізіледі».

Сондай-ақ, жастар арасында отбасылық құндылықтарды ұғындыру, мәдениетке, ұлттық салт-дәстүрге және адамгершілік құндылықтарға негізделген неке және отбасы институтын нығайту мақсатында «ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ» атты іс-шаралар кешені өткізілуде.

Жобада: отбасылық марафон, жас отбасыларға, жүкті әйелдерге және ата-ана болуды жоспарлап отырған жас жұбайларға арналған семинар-тренингтер, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған сыныптан тыс іс-шаралар, бейнебайқаулар, фотосуреттер және «Үздік жас отбасы» байқаулары бар.

Жас отбасылардың назарына қазіргі таңда «Отбасым – мақтанышым» атты бейнероликтер байқауы жарияланды. Керемет жүлде қоры бар, 12 жас отбасы марапатталатын болады.

«Басқармамен үшінші жыл қатарынан «Волонтерлік бастамаларды қолдауға бағытталған шағын грант» жобасы іске асырылуда. Биыл 98 қатысушы арасынан топ жарған 20 жеңімпаз анықталып, оларға 350 мың теңге көлемінде шағын гранттар берілді.Бағдарламалау, курстар, турнирлар, қыш өнері, құммен сурет салу сияқты көптеген өзекті шаралар өткізілуде. Балалар үйлері, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығымен, аз қамтылған отбасылар қамтылуда. Жастардың шығармашылық дамуының маңызы кем емес. Ол бағытта жыл сайын студенттер арасында өткізілетін «Жастар жалыны» фестивалі, «Jaidarman»КВН ойындары, Жас ақындар мүшәйрасы, «NUR-SULTAN DEBATE CUP – 2021» дебат ойындары және басқа да жобалар жүзеге асырылуда» – деп, Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров атап өтті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.