Елорда

Президент сайлауы: бірнеше үміткердің кандидатурасы талапқа сай болмай шықты

Кезектен тыс президент сайлауына үміткер үш азамат Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы    28 қыркүйектегі Конституциялық заңында көрсетілген талаптарға сәйкес болмай шықты, деп newsroom.kz хабарлайды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 54-бабына, 59-бабының 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Қаулысымен Хайрулла Мағауияұлы Габжалилов, Талғат Файзоллаұлы Ерғалиев және Фатима Бизақова Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден өте алмады.

Айта кетейік, 11 қазанда Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Енді үміткерлерді тіркеу, қол жинау 21 қазанға дейін жалғасады. Әр кандидат 118 273 сайлаушының қолын жинауы тиіс.

Еске салсақ, елімізде 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді.

Фото: Түркістан облысының Өңірілік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.