Фактілер және лайфхактар

Ағайын, жапондар сияқты болуымыз үшін не істеуіміз керек?

Жапондардың денесінде артық иіс болмайды. Иіс болған күннің өзінде де, парфюмнің иісі ғана шығады.

1: Жапондардың денесінде артық иіс болмайды. Иіс болған күннің өзінде де, парфюмнің иісі ғана шығады. Өте кірпияз, таза халық. Күніне үш уақыт дүшқа түспесе тұра алмайды. Қайта-қайта қолын жуа береді.
2: Жапондар киімін күнде жуып, іш киімін күніне бірнеше рет ауыстырып отырады.
3: Жапонияда адамға сүйкенуге, сүйісіп амандасуға, қол беріп амандасуға болмайды. Ондай нәрсе туған-туыстардың арасында ғана болады. Амандасқысы, біреуге құрмет көрсеткісі кеп бара жатса, басын ие салады, болды. Бізде де қол алыспаған.
4: Банкоматта, дүкенде тұрғанда болсын, жапондар қай жерде тұрса да бір метрге дейін аралықты сақтап тұрады. Ешкім сенің желкеңнен төніп, демалып тұрмайды.
5: Жапонияда әжетхананың бәрі тегін, тап-таза іші. Біз сияқты оңды-солды шаптырып, нәжісті басып жүре бермейді. Туәлеттің ішінде үсті-басыңды қалыпқа келтіріп, тазаланып, киім ауыстырып, жуынып та аласың.
6: Дүкендерінде тамақтың бәрін (герметично) қаптап, қорапқа салып қояды. Тіпті, картоптың өзін де сөйтіп пакетке салып қояды. Шикалатты да фольгаға орап қойғаннан кейін не дейсің…
7: Егер бір жапон ауырып қалса, басқаларына жұқтырмас үшін бірден маска тағып алады.
8: Жапондар шетелге барғанды аса ұнатпайтын халық. Басқа елдер оларға жабайы, қауіпті сияқты болып көрінеді екен. Шынымен де…
9: Жапонияда тамақтың сапасы өте жақсы. Сапалы, таза, табиғи өнім болғандықтан, бірақ тез бұзылады. Азық-түлік, жеміс-жидекті сол күйі, шикі күйінде жегенді жақсы көреді.
10: Жапондар бір орында отырмайтын халық. Қашан көрсең де, үнемі жүгіріп, жаттығып, қартайғанға дейін спортпен айналысып жүреді.
11: Жапондар тамақты талғап, аз ішетін халық. Қартайғандарының арасынан да толық адам таба алмайсың.
12: Ақша – ең лас нәрсе. Қағаз ақшада вирус төрт күнге дейін жүруі мүмкін. Жапонияның банкоматтарында сол қағаз ақшаны вирустан залалсыздандырып, 200 градусқа дейін қыздырып, тап-таза қылып барып бір-ақ береді екен.
13: Жапон билігі ғылымға қатты көңіл бөледі. Содан кейін шығар, соңғы 30 жылда 20 жапон ғалымы Нобель сыйлығын алыпты.
14: Бір қызығы, өндірісі ең дамыған ел болғанымен, Жапония экологиялық тұрғыда ең таза мемлекет болып саналады. Олар тұрмыстық қалдықтың 90 пайызы қайта өңдеп отырады.
15: Ұзақ өмір сүруі жағынан жапондар әлемде бірінші орында тұр.
Жолымбет МӘКІШ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.1 / 5. Бағалар саны: 81

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

1 Пікір

1 Пікір

  1. Мәке

    14.09.2021 at 12:57

    Бар бол

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.