Фактілер және лайфхактар

Асықпай қартаю үшін не істеу керек?

3.8
(19)

newsroom.kz порталы асықпай қартаю үшін не істеу керек деген материал аясында келесідей лайфхақтар тізімін ұсынады:

  1. Велосипед сатып алыңыз.
  2. Біреуді жақсы көріңіз. Біреуге ұнау туралы ой ғана бізді тәртіпке келтіре алады.
  3. Азыңыз. Тамақты тарта жеңіз. Жас келе дене мен бетті күту керек екендігі түсіне бастайсыз.
  4. Кешкі жетіден кейін аштан қиналсаңыз да ас жемеуге тырысыңыз.
  5. Күңкілдеген күншілдікті лақтырып тастаңыз.
  6. Сегіз сағаттан аз ұйықтаңыз.
  7. Ақшаның оңай тауып, оңай жаратыңыз. Бұл өмірден кредит картасын ана өмірге алып кеткен ешкім жоқ.
  8. Демалыңыз! Жылына кемі екі рет.
  9. Байқампаз болыңыз. Бар нәрсеге қызығып жүріңіз. Ауруыңызды айта бергеннен көрі әр нәрсені қызықтаған әлдеқайда артық.
  10. Болмайтын нәрсеге қуануды үйреніңіз. Мәселен, құстың шырылдағаны, күннің шыққаны секілді дүниеге ерекше қуаныңыз. Бәлкім, ондай сәтті көрмей қалуыңыз да мүмкін ғой…
  11. Комфорт пен люксты бақытпен шатастырып алмаңыз…
  12. «Қорқамын» деп еш айтпаңыз.
  13. Түнде асығыс жұмысқа жүру керек болса, ұйықтаңыз. Өмірден озып кеткеннен көрі, жұмыстан ұйықтап қалған дұрыс.
  14. Жомарт болыңыз.
  15. Әлемдік деңгейдегі түрлі теорияларға сене бермеңіз. Көбі өтірік .
  16. Жеңіл болыңыз. Көп ойланып, қиялдана бермеңіз. Әрекетте болыңыз!

«Бастысы соғысты бастау керек, сосын көреміз», – деп Наполеон жиі айтқан. Иә, оның өмірінің соңы өкінішті болды. Бірақ қандай өмір сүрді?! Келісесіз бе?

  1. Құстар сияқты бүгінгі күнмен өмір сүріңіз. Кеше кетті, ертең ол ертең. Қазір ғана шын өмірде осы тексттерді оқып отырсыз.
  2. Еңкейіп бүгіле бермеңіз.
  3. Жас көрінем деп тыраштанбаңыз. Кәрі түйе ойнақтаса жұт болар дейді қазақ мақалы…
  4. Өмірге шағым айтып жылаңқылана бермеңіз. Мүлде!

 

Бастысы – аузында әзілі жоқтың белінде шоқпары бар. Күліп жүріңіз!

 

Сайран Хамзиннің әлеуметтік желідегі парақшасынан тәржімалап, тігісін жатқызған Жүмәділ ЖАПАБАЙ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.8 / 5. Бағалар саны: 19

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button