Елорда

«Мектеп директоры сабақ өткізбеді»: Елордалық оқушылар бейнеүндеу жолдады

Әлеуметтік желіде тиісті бейнеүндеу тарады.

Астанадағы №49 мектептің 10 сынып оқушылары мектеп директоры жоспарлы сабақтарды өткізбегенін айтып, Оқу-ағарту министріне бейнеүндеу жолдады, деп newsroom.kz жазады inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Біз Астанадағы Қошке Кемеңгерұлы атындағы № 49 жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбында оқимыз. 2022-2023 оқу жылында «Абайтану», «Эссе құрылымы» және «Жаһандық құзыреттілік» секілді факультативтік пәндерді оқуымыз керек болатын. Өкінішке қарай, бұл пәндер қыркүйек айынан бастап мамыр айының соңына дейін өткізілмеді. Өйткені аталған пәндерді мектебіміздің директоры Арай Мұхамеджанова оқытуы керек еді. Мектептің директоры бұл пәндер үшін бір жыл бойы жалақы алып келді, бірақ сабақ мүлдем өтпеді», – деді оқушылар.

Олар келесі жылы емтихан тапсыратындарын, онда эссе жазулары керек екенін жеткізді.

«Бірақ біз оны қандай біліммен жазамыз? Мектеп директорының өзі оқушыларды оқытуда немқұрайлық танытып жатса, бұл қандай Жаңа Қазақстан?», – деп атап өтті 10-сынып оқушылары.

Білім басқармасынан аталған жайтқа байланысты түсініктеме беруін сұрадық.

«Аталған видеоға қатысты бүгінгі таңда Астана қаласы Білім басқармасының жанынан арнайы комиссия құрылып, ішкі бақылау жүргізіліп, заң шеңберінде шешім шығаратынын хабарлаймыз», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.