Елорда

Астанада 3 күндік әскери-патриоттық жиындар өтті

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай елордада үш күндік әскери-патриоттық жиындар өткізілді.

Жиынды Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ, Астана қалалық филиалы ұйымдастырды. №68665 әскери бөлімінде елордалық «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілері арасында өткен жиынның мақсаты – патриоттық сезімді күшейту.

Алғашқы күні «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілері нағыз әскери өмірдің қыр-сырымен және әртүрлі әскери техникамен танысты. Сондай-ақ әскери қолданбалы спорт түрлерінен: AK74 автоматын жылдамдыққа шашып жинау, белтемірге тартылу бойынша команда болып бақ сынады.

Іс-шараға ҚР Халық қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертайұлы, авиация генерал-майоры Алсай Жұманов, Аян Бауыржанұлы және Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысты.

Ал екінші күні «Жас Сарбаз»  тәрбиеленушілері газқағарды жылдамдыққа киіп және нысанаға оқ ату бойынша бақ сынады. Сондай-ақ кедергілерден жүгіріп өту бойынша команда болып бақ сынады.

Жиынның үшінші, яғни қорытынды күні «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілері команда болып арқан тартып және викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Smart Sarbaz» роботехникаларын көрсетті.

Осылайша жас сарбаздар ақыл оймен де ұшқыр екендігін дәлелдеді.

Сонымен үш күннің қорытындысы бойынша «Арлан» командасы 1-орын, «Бүркіт» командасы 2-орын, ал «Астана» арландары үздік үштікке ие болды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға арнайы «Жас Сарбаз» эпикировкасы мен алғыс хаттар табысталды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.