Елорда

Елорданың үздік педагогтары марапатталды

Астана қаласы бойынша «Үздік педагог – 2022» республикалық байқауының қалалық кезеңіне барлығы 109 педагог қатысты.

Оның ішінде 26-сы – мектепке дейінгі білім беру ұйымының, 68-сі – орта білім, 6-ауы – техникалық және кәсіптік білім, 4-еуі – қосымша білім және 5-еуі – арнайы білім беру ұйымдарының педагогы.

Байқаудың ІІ кезеңінің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 5 қатысушы байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздары болып анықталды және «Үздік педагог – 2022» байқауының республикалық кезеңіне қатысу үшін ұсынылды.

ІІІ кезең қорытындысы бойынша «Үздік педагог – 2022» республикалық байқауының жеңімпаздары болған елордалық педагогтар:

– Салахадинова Евгения Ивановна, Астана қаласы әкімдігінің «№46 балабақша-мектеп-гимназия кешенінің» бастауыш сынып мұғалімі;

– Қасымов Ержан Маратұлы, Астана қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінің өндірістік оқыту шебері;

– Конкулов Корган «№ 1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің» дене шынықтыру мұғалімі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.