Елорда

Елордада жел электр станциясы салынады

Астанада шетелдік компанияның қаражаты есебінен жел электр станциясын салу жоспарланып отыр, деп хабарлады Newsroom.kz тілшісі.

ЖЭС-ті салу мәселесі ENI (Италия) мұнай-газ компаниясымен (Arm Wind ЖШС), Қазақстан энергетика министрлігі өкілдерімен бірлесе пысықталып жатыр.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, жел электр станциясының қуаты бірінші кезеңде 50 МВт, кейін 100 МВт-тан болады. Жаңартылатын энергия көздері саласындағы бұл жоба электр энергиясының қосымша маңызды көлемін құруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде салынып жатқан болашақ аудандарды электр энергиясымен қамтамасыз етуге болады.

Осы мақсатта тартылатын шетелдік жеке инвестициялар сомасы – шамамен 50 млрд теңге. Бүгінде техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жасыл технологиялардың үлесі 2030 жылға қарай 15%-ға дейін артуы тиіс екенін айтқан еді.

Еске салайық, 2013 жылғы 17 мамырда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қаулысына қол қойған еді.

Тұжырымдама 7 саланы қамтиды. жаңартылатын энергия көздерін енгізу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі, ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру, «таза» көлікті дамыту, экожүйелерді сақтау және тиімді басқару.

Концепция қабылданған кезде қалдықтарды өңдеу көрсеткіші 2-3 пайыз болса, 2019 жылы ол 11 пайызға көтерілді. Қайта өңдеу тек қалдықтарды өңдеу емес, оған бизнесті тарту болып саналады.

Бүгінде қалдықтарды өңдеп жаңа тауарларды шығаруға бизнес бейімделіп жатыр.

Сондай-ақ «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы тұжырымдаманы насихаттау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізген болатын. Мысалы, 2015 жылдан 2019 жылға дейін 8 жасыл технология орталығын 8 облыста ашқан. Нәтижесінде жасыл технология саласында кәсіпорындар ашылды. Мысалы, Ақмола облысындағы «Арнасай» жасыл ауылы бар. Онда 35 жасыл технология іске қосылды. Технологияның тең жартысын донорлар арқылы сатып алынған. Мұндағы қондырғылардың басым бөлігі – отандық кәсіпкерлердің тауарлары. Орталықта энерготиімді терезелер, жарықдиодты жарық, күн панелі сынды құрылғылар  іске қосылған.

Сондай-ақ Қарағанды облысындағы Агроколледжде жылыжай ашылды. Жылыжайдағы электр қуатының 70 пайызын күн сәулесінен, желден алады. Ол жерде тамшылап суару сынды технологияларды өздері іске қосып, колледже оқыған студенттер тәжірибе жинайды.   

Былтыр қыркүйекте мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевті қабылдаған еді.

Министр Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің алдағы уақыттағы жоспарлары және Президенттің халыққа Жолдауында берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндалды.

Серікқали Брекешев Мемлекет басшысына Ұлттық геологиялық қызмет құруға қатысты жұмыстар, «Минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесінің әзірленуі жөнінде мәлімет берді.

Президент су үнемдеу технологияларын енгізу ісін ынталандыру және су саласын цифрландыру қажет екенін атап өтті.

Кездесу барысында атмосфералық ауаның ластануын азайту бағытында қабылданып жатқан шараларға ерекше мән берілді.

Ведомство басшысы экологиялық жағдайды жақсарту үшін аймақтар бойынша Жол карталары бекітіліп, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы әзірленгенін, кәсіпорындармен бірқатар меморандумға қол қойылғанын атап өтті.

Аталған құжаттар қалдықтардың көлемін 20-дан 30 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған министрге бірқатар нақты тапсырма берген болатын.

Фото: el.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.