Елорда

Астанада үш жыл ішінде 300 көше салынды

Соңғы үш жылда елордада 300-ге жуық көше салынып, 140 шақырымға жуық жол жөнделді. 2022 жылы жол төсемін салу және жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы онлайн-брифингте қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов айтып берді, деп newsroom.kz хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда елордадағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 868,3 км, 803,7 км немесе 92,6% асфальтбетон жабыны бар.

Спикердің айтуынша, соңғы үш жылда қалада ұзындығы 165 км болатын 300-ге жуық көше салынып, 140 км-ге жуық жол жөнделген.

Сонымен қатар, тұрғын үй алаптарын дамыту жоспарына сәйкес соңғы 4 жылда ұзындығы 84,4 км 250 көше асфасльтталды.

«Бүгінгі таңда қаланың жол-көлік инфрақұрылымы 60 көпір мен құрылыстан тұрады. Оның ішінде 23 үлкен және кіші көпір, 6 жаяу көпір, 9 өткел, 8 көлік айырбасы, 10 жерасты жаяу жүргіншілер өткелі және 4 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі бар.

Биылғы жылы Ұлы Дала даңғылында көпір ашылды, ол іргелес магистральдық көшелерді ішінара түсіруге мүмкіндік берді, жаңа «Нұрлы жол» вокзалының, Тельман және Промышленный тұрғын алаптарының қолжетімділігін арттырды», – деді Нұркенов.

Сонымен қатар, биыл А62 көшесі бойынша А91 (Қордай) көшесінен Астана-Қарағанды тас жолына дейінгі учаскеде қозғалыс ашылды. Осылайша, Қарағанды тас жолы мен «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы мен қаланың сол жағалауы арасында көлік қатынасы қамтамасыз етілді. Бұл шаралар Нәжімеденов пен Байтұрсынов көшелерін түсіруге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, транзиттік көліктің бір бөлігі Қошқарбаев даңғылынан, Айнакөл көшесінен, Абылайхан даңғылынан және Қобда көшесінен және т. б. кетеді.

«2023 жылы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, атап айтқанда ұзындығы 50 км – ден асатын жаңа көшелер салу, қазіргі жолдардың жай-күйін қолдау, сондай-ақ Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылында жаңа автомобиль көпірін ашу бойынша одан әрі жұмыс жоспарлануда. Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылының, жаңа теміржол вокзалы, Әзірет Сұлтан мешіті аудандарының сол жағалаумен қосымша байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп қорытындылады әкім орынбасары.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.