Елорда

Жеңіс Қасымбек Сарыарқа ауданының тұрғындарымен кездесті

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Сарыарқа ауданының тұрғындарымен кездескенін мәлім етті, деп newsroom.kz хабарлайды.

d7aa16583856779e9fce6fd241770620_1280x720.jpg

«Сарыарқа ауданы – қала тұрғындары тығыз орналасқан аудандардың бірі. Аудан тұрғындарымен бірге әлеуметтік нысандар, инженерлік желілер, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, жолдар салу, абаттандыру, көгалдандыру сияқты өзекті мәселелерді талқыладық. Сондай-ақ қала тұрғындары тұрғын үй кешендерін жөндеу, апатты үйлерді бұзу, автобустар бөлу, бағдаршамдар, жарықтандыру тіректерін орнату, интернет жүргізу секілді т.б. мәселелерді көтерді.

Қалада әлеуметтік нысандарға деген қажеттілік бар. Жаңа оқу жылына арнап тағы 13 мектеп салуды жоспарлап отырмыз, оқу орындары оның ішінде Сарыарқа ауданында да орналасатын болады. Сол сияқты бірқатар медициналық мекемелердің, әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысын жобалаймыз. Күн жылынып, көктем мезгілінің басталуымен жолдар, қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салу ісіне кірісеміз.

Тағы бір маңызды мәселе – апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу. Өткен жылы тозығы жеткен үйлерден 300-ден астам отбасыны көшірдік. Бұл көрсеткішті ары қарай да сақтаймыз.

Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды, оның орындалу барысы туралы хабардар етеміз. Мұндай кездесулер қаланың барлық ауданында тұрақты түрде өткізілетін болады, оның ішінде жергілікті орындарда – елді мекендерде, шағын аудандарда ұйымдастырылады», – деп жазды елорда әкімі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.