Елорда

«Рақмет сізге, дәрігер»: Елордада медицина қызметкерлері марапатталды

Бүгін Президент Іс басқармасы Медициналық орталығында Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті деп жазады newsroom.kz порталы.

Жиынға Президент Іс басқарушысының орынбасары Маржан Әкімжанова, ПІБ Медициналық орталығының басшысы Сәуле Кисикова, Республикалық ұлттық орталықтардың қызметкерлері және Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасының, сонымен қатар Медициналық орталықтың, ведомстволық мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Жиында Маржан Әкімжанова дәрігерлерді мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі. Сәуле Кисикова сөз кезегінде барша дәрігерге ризашылығын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Салтанатты жиында денсаулық сақтау саласында қызмет істеп жүрген дәрігер-әріптестеріміз «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды.

Бұлардың қатарында атақты нейрохирург, Орталық клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Мыңжылқы Бердіходжаев, №2 Нұр-Сұлтан қалалық көпбейінді ауруханасының директоры Нұрбол Тұрсынбаев та болды.

 

 

 

Тілші БАЛА

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.