Елорда

Президентікке кандидаттарды ұсыну қорытындысы шықты

Орталық сайлау комиссиясы Президенттікке кандидаттарды ұсыну қорытындысын шығарды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Қазақстан Президенті лауазымына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйектен 11 қазанға дейін жалғасты. ҚР Президенттігіне кандидаттарды ұсыну кеше сағат 18:00-де аяқталды.

«Орталық сайлау комиссиясына республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынған 12 кандидаттың құжаттары ұсынылды», деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Кезектен тыс Президент сайлауына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтық коалициядан, Мейрам Қажыкен «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар Достастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен қатысуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ ұлттық кәсіби әлеуметтік қызметкерлер альянсынан Қарақат Әбден, «Ауыл» партиясынан Жигули Дайрабаев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан Нұрлан Әуесбаев сайлауға түседі.

Сондай-ақ Талғат Ерғалиев Қазақстан құрылысшылар Одағынан, Жұматай Әлиев «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен, Салтанат Тұрсынбекова «Қазақ талдары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен, Нұржан Әлтаев «Мұқалмас» РҚБ-нан, Хайрулла Ғабжалилов Оралмандардың «Асар» республикалық қоғамдық бірлестігінен өз кандидатураларын ұсынды.

ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеудің соңғы күні Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан футбол әуесқойлары лигасы» қоғамдық бірлестігінен Бақыт Жаңабаев және «Практикалық психология» республикалық қоғамдық бірлестігінен Фатима Бизакова өз құжаттарын тапсырды.

Сайлау 20 қарашаға жоспарланған. Қазақстан Президенттігіне кандидаттар үшін сайлау жарнасының мөлшері – 3 млн теңге. Кандидаттың тууы бойынша ҚР азаматтығы, жоғары білімі, ел аумағында соңғы 15 жыл тұруы тиіс. Жасы кем дегенде 40 жаста болуы керек. Үміткердің белсенді сайлау құқығы болуы, мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болып, мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тиіс. Қазақстан Президенттігіне әрбір кандидат 118 мың қол жинауы тиіс.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: Akorda.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.